РЕЦЕНЗИЯЛАУ
Журналдың редакциясына келіп түскен және формальды талаптарға сәйкес келетін мақалалар https://mok-kz.antiplagiat.ru/ плагиатты тексеру жүйесі арқылы плагиатқа қарсы Ережеге сәйкес тексерістен өтіп, әрі қарай құпия рецензенттерге жіберіледі.
Егер мақала авторы(лар)ының басқа ғалым(дар)мен мүдделер қақтығысы болса, онда ол (авторлар) аталған мақаланы белгілі бір ғалымға (рецензентке) жібермеу туралы мүдделер қақтығысының болуын көрсете отырып ілеспе хат дайындап, мақаламен бірге жүктейді.
Рецензияланған мақала тақырыбы бойынша ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі бар және ғылыми мамандандырылған (кем дегенде екі) ғалым(дар) жүргізетін қос "соқыр" (автор мен рецензент анонимділікті ұстанады) рецензиялау жүзеге асырылады. Рецензенттердің құрамына Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық дерекқорларында жарияланымдары бар шетелдік ғалымдар кіреді. Мақаланы рецензиялау нәтижесін рецензент журналдың жауапты редакторына 2 апта ішінде келесі ұсыныстардың бірін белгілеп:
- қабылдау;
- болмашы өзгерістерден кейін қабылданады;
- елеулі өзгерістерден кейін қабылданады;
- мақаланы қайта жазу керек;
- қабылдамау
жіберуі тиіс.
Рецензенттерден мақаланың негізгі ғылыми критерийлерге сәйкестігіне, сондай-ақ оның маңыздылығының сапасына нақты, объективті және дәлелді баға Рецензент пікірі формасына сәйкес ұсынуы қажет.
Рецензенттерден пікір алғаннан кейін, жауапты редактор рецензенттердің деректерін көрсетпей, пікірлерге жауап беруі, тиісті өзгертулер енгізуі және қолжазбаны электронды платформа арқылы қайта жіберуі үшін (ескертпелер болған жағдайда) оларды кореспондент авторға жібереді. Автор(лар) мақалаға өзгертулер енгізіп, оны журналдың редакциясына қайта жібереді.
Барлық ескертпелер түзетілгеннен кейін жауапты редактор материалдарды рецензентке (рецензенттерге) қайта қарауға жібереді.
Екі рецензент пен жауапты редактордың оң пікірлері бар мақала, оларды жариялауға қабылдау тәртібіне сәйкес жариялауға ұсынылады.
Егер рецензенттердің біреуі мақала туралы оң қорытынды, ал екіншісі теріс пікір беретін болса, онда жауапты редактор мақала тақырыбы бойынша маман болып табылатын үшінші рецензентке немесе редакция алқа мүшесіне жібереді. Егер үшінші рецензент немесе редакция алқасының мүшесі оң пікір білдірсе, мақаланы жариялауды қабылдау / қабылдамау туралы түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды.
Екі теріс пікір болған жағдайда, мақала журналға жариялаудан алынады. Жауапты редактор корреспондент авторды мақаланың басылымнан алынып тасталғанынан хабардар етеді және дәлел ретінде рецензенттердің пікірлерін жібереді.
Өзара бағалау нәтижелері бойынша редакция алқасы қабылдамаған мақалалардың материалдарын редакция өз мақсаттарына пайдаланбайды.
Қабылданған және қабылданбаған қолжазба үлесі (соңғы жыл ішінде)
2023 жылы журнал редакциясына барлығы 196 қолжазба түсті. Оның ішінде:
- жарияланған мақала саны – 59
- қайта қарауға жіберілген қолжазба саны – 98
- қабылданбаған қолжазба саны (формальды критерийлер және соқыр қарау нәтижелері бойынша) – 39