Журнал жайлы

Журнал жайлы


Журнал жайлы

«Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы» журналы - сәулетшілерге, дизайнерлерге, инженерлерге, жобалаушыларға, технологтарға, өнертанушыларға арналған ғылыми-техникалық және ғылыми-әдістемелік басылым.

 

Бастапқыда журнал "Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы"деген атпен жарық көрді. 2001 жылы атауы "Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы" болып өзгерді.

 

Журналдың мақсаты - Сәулет және қала құрылысы, ғимараттарды, құрылыстарды, көлік коммуникацияларын жобалау және салу саласындағы мәселелері мен жетістіктер; прогрессивті құрылыс материалдары, энергия үнемдейтін технологиялар, тұрғын үй-азаматтық құрылыс экономикасы, экология, тіршілік қауіпсіздігі, өнертану мәселелері, сәулет-құрылыс білім берудегі инновациялар туралы бірегей ғылыми жұмыстарды жариялау.

 

Журналдың міндеттері:

- қазіргі жағдайда сәулет - құрылыс, инженерлік ғылым мен тәжірибені дамыту;

- сәулет-құрылыс саласында ғылыми, тәжірибелік, оқу білімдерін шоғырландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету және әртүрлі елдердің аралас салаларының, ғылыми мектептерінің өкілдері арасында ақпарат алмасу үшін алаң қалыптастыру;

-зерттеу нәтижелерін ғылыми қызметкерлерге, тәжірибеші мамандарға, білім беру мекемелерінің профессорлық-оқытушылық құрамына, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге жариялауға мүмкіндік беру.

 

 

 

Жарияланымдар тақырыбы:

  • Сәулет
  • Қала құрылысы
  • Ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіру және қайта құру
  • Сәулет тарихы
  • Дизайн (сәулет ортасы, интерьер, графикалық, теледидар, өнеркәсіптік, киім)
  • Құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы
  • Ғимараттар мен құрылыстарды есептеу және жобалау
  • Энергия тиімді жобалау және құрылыс
  • Көлік құрылысы
  • Құрылыс материалдары мен конструкциялары
  • Геодезия және картография, жерге орналастыру және кадастр
  • Құрылыс экономикасы
  • Сәулет және құрылыс экологиясы
  • Сәулет, құрылыс, құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісіндегі инновациялық технологиялар
  • Сәулет, құрылыс, дизайндағы ақпараттық технологиялар
  • Техникалық білім берудегі жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар

 

«Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы» журналы бүкіл әлем бойынша ғалымдар жазған зерттеулердің нәтижелері туралы мұқият таңдалған түпнұсқа мақалаларды жариялайды.

 

«Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының хабаршысы» журналы 2021 жылдан бастап ашық қол жетімді электронды интернет-басылым ретінде шығарылады (https://vestnik.kazgasa.kz/

 

Шығу мерзімділігі - жылына 4 рет (тоқсан сайын).

 

Мақалаларды қабылдау - жыл бойы.

 

Жарияланым тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

 

Журнал Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде тіркелген. Куәлік №1438-Ж 14.08.2000 ж.

ISSN 1680-080X (print), ISSN 2788-6948 (online)

Журнал "Қазақстандық дәйексөз алу базасы" (KazBC) дерекқорына енгізілген (тексеру).  

 

Журнал Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне еңгізілген (14.02.2022ж. №38 Бұйрық).    

 

Журналдың құрылтайшысы - ЖШС "Халықаралық білім беру корпорация"

050043, Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Қ. Рысқұлбеков к-сі, 22

 

Мақаланы онлайн режимінде жіберу үшін мына мекен-жайға өтіңіз: http://vestnik.kazgasa.kz/kz/site/registration

Мақалаларды қалай ұсыну керектігін білу үшін Авторларға арналған нұсқаулық қараңыз. Егер сізге қосымша ақпарат немесе көмек қажет болса, біздің Қолдау орталығына жүгініңіз.

Яндекс.Метрика