ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫ БЕЗЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ


«QazBCQA хабаршысы» ғылыми журналына мақалаларды ұсынудың талаптары мен шарттары

 

  • Журналда жариялау үшін жұмыстың мәтінін ұсына отырып, автор өзі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығына, плагиаттың болмауына және қолжазбадағы пайдаланған нысандарды (мәтін, кестелер, схемалар, иллюстрациялар және т.б. тиісінше ресімдеуге кепілдік береді. Докторанттың, магистранттың және студенттің жеке-дара жарияланымы кезінде ғылыми кеңесшінің/жетекшінің ұсынымы қажет.
  • Жариялау үшін ұсынылатын материал түпнұсқа, бұрын басқа баспа басылымдарында жарияланбаған болуы тиіс.
  • Сәулет, дизайн, құрылыс, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мәселелері бойынша ғылыми-теориялық және эксперименттік жұмыстар қарастырылады.
  • Мақала ғылыми жаңалығы және/немесе практикалық маңыздылығы, ұсынылған ережелердің негіздемесі бар аяқталған ғылыми жұмыс болуы керек.
  • Ғылыми жұмыстың көлемі – шолу мақалаларынан басқа 5-12 бет.
  • Қарауға орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады.
  • Журнал нөмірінде бір автордың бір ғана мақаласын және бірлескен авторлықта бір мақала жариялауға рұқсат етіледі.
  • Мақалада (шолуларды қоспағанда) жаңа ғылыми нәтижелер болуы керек. Шолу мақалалары қарастырылып отырған аймақтың негізгі мәселелерін көр­сетіп, оларды шешудің мүмкін жолдарын ашуы керек. Басқа мақалалардағы барлық суреттер үшін авторлар суреттерді өз иелерінен пайдалануға рұқсат алуы керек.
  • Мақала журналдың тақырыбы мен ғылыми деңгейіне сәйкес келуі керек.
  • Журналдағы жарияланымдар барлық авторлар үшін «ХБК-да көрсетілетін негізгі және қосымша білім беру және ілеспе қызметтердің тарифтеріне» сәйкес ақылы.
  • Авторларға өздері туралы ақпарат, оның ішінде мынадай мәліметтер - толық тегі, аты, ғылыми дәрежесі, атағы, ұйымның толық атауы, қала, ел – қазақстандық авторлар үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; ТМД елдерінің авторлары үшін орыс және ағылшын тілдерінде және ағылшын тілді авторлар үшін ағылшын тілінде берілуі қажет; әр автордың еmail және ORCID ID жазуы қажет (осы код болмаған жағдайда www.orcid.org сайтта тіркелу қажет).
  • Корреспондент автор өзінің қолжазбасын журналға ұсынылған мақаланың барлық авторлығының өкілі ретінде ұсына отырып, авторлық формаға  қол қою арқылы осы мақаланың еш жерде жарияланбағанына және басқа журналдардың редакторлары қарамайтындығына кепілдік береді. Корреспондент автор оны толтырып, электронды пошта арқылы жіберуі керек.

Барлық ұсынылған мақалаларға осы ғылыми саланың жетекші сарапшыларының қатарына енетін кем дегенде екі рецензенттен пікір алынады. Рецензенттің аты және ол туралы басқа ақпарат жария етілмейді.

Интернеттегі біздің сайт: https://www.vestnik.kazgasa.kz

 

Яндекс.Метрика